Тура және тура емес теңдіктер, математика

0
Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
Шаттық шеңбері

Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).
ОМ анықтап алу
Бүгін сабақта сендер белгісіз санды көрсететін белгісін қалай қолданатыныңды үйренесіңдер
Ортасы
Айтылым

Кіріспе тапсырма. Топтық жұмыс.
Мысалы, егер оқушыларға 17 + 2; 18 – 4 парақшалары түссе, ол мына үлгіде салыстырылады: 17 + 2 > 18 – 4.
Егер 15 – 3; 10 + 2 өрнектері бар парақшалар түссе, олар былай салыстырып жазады: 15 – 3 = 10 + 2. Барлық оқушылар өрнектері бар парақша жұптарын алып, салыстырған соң бір — бірінің жұмыстарын­ тексереді.

Оқушыларға құрастырған өрнектерін қайтадан оқып, олардың теңдік не теңсіздік екенін анықтауды сұраймын.

Саябақта. Оқулықта бейнеленген сурет бойын­ ша велосипедтегі және шанадағы­ балалардың санын анықтап салыстыруды тапсырамын. Оқушылар тек балалардың санын ғана салыстырып қоймай, бөліктермен қоса санайды. Мысалы, үш бала болды, тағы төрт бала келді немесе жеті бала болды, төрт бала кетіп қалды. Оқушыларға сурет бойынша шағын мәтін құрастыруды тапсырамын. Бұл жұмыс түрі есеп шығаруға дайындық болады. Оқушыларға санды теңсіздіктерді салыстырып, оларды ажыратады.
Жауабы:
а) 1 + 4 Шығарып көр. Топпен жұмыс
Санды өрнектерді салыстырып, оларды қандай 3 топқа бөлуге болатынын сұраймын.
Оқушыларға бұл тапсырманы қалай орындайтынын айтуға мүмкіндік беремін. Мысалы, олар оны бірінен кейін бірі жалғастырып орындауы немесе барлық тапсырманы­ жеке орындауы мүмкін. Өзара тексеру жасауға мүмкіндік беремін.
Жауабы: үш қате: 20 + 40 = 70 – 30; 15 – 3 ≠ 16 – 4;
11 + 0 = 14 – 0.
Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындайды. Сурет бойынша саябақ жолдарының сызбасы қандай геометриялық фигуралар беретінін айту керек. Санды теңсіздік құрастырып, берілген жолдардың ұзындығын салыстыруды тапсырамын.

Жауабы:
20 дм + 20 дм + 20 дм + 20 дм

Толық нұсқасын жүктеу

Дереккөз: http://bilimsite.kz/