Санды 2 — ге көбейту және бөлу кестесі, көбейту кестесі сабақ жоспары

0
Математика 4 мамыр
Тақырыбы: Санды 2 — ге көбейту және бөлу кестесі
Мақсаты: 2 — ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ — жауап, өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: арнайы суреттер, кестелер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №7
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Ауызша жұмыс. Ойын « Санды тап»
5 ∙ □ = 5
14: □ = 2
□ ∙ 9 = 5
8: □ = 2
10 — □ = 5
6: □ = 1

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:
1). Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2) Тақтаға өрнектер жазылған. 2 — ге көбейту кестені қалай құрылғанын қарап, түсініп ал.
(Оқушылар кезек – кезек шығып түсіндіреді.) дәптерлеріңе жазып алыңдар.
4: 2 = 2, себебі 2 *∙ 2 = 4
6: 2 = 3, себебі 2 ∙* 3 = 6
8: 2 = 4, себебі 2 ∙ *4 = 8
10: 2 = 5, себебі 2 *∙ 5 = 10
12: 2 = 6, себебі 2 *∙ 6 = 12
14: 2 = 7, себебі 2 ∙* 7 = 14
16: 2 = 8, себебі 2 *∙ 8 = 16
18: 2 = 9, себебі 2 ∙* 9 = 18
Сейлова Айым
Санды 2 — ге көбейту және бөлу кестесі жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/