Нұр-Мүбарак университетінде шет тілдерін оқыту курстары басталды
Нұр-Мүбарак университетінде студенттермен қатар қала тұрғындары үшін де шет тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылып, алғашқы дәрістер басталды. Бұл туралы аталмыш білім ордасының баспасөз қызметі хабарлайды
Ағылшын, қазақ, араб, түрік, француз тілдерін үйретуді көздеген курс жайлы университеттің Маркетинг бөлімінің маманы Мәжит Ғабитұлы былай дейді:
— Қазір араб және ағылшын тілдерін үйретуді бастап кеттік. Маркетингтік тәсілмен ұйымдастырылған жобаға әуелі 100-ден аса адам өтініш білдірді. Біз барынша университетіміздегі білікті ұстаздарды тартып жатырмыз. Болашақта бұл курстарды тұрақты әрі алматылықтар үшін аса тиімді тіл орталығы болса деген ниеттеміз.
Яғни, курстың бағасы да қала бойынша ең тиімді әрі университеттің білікті мамандары дәріс береді. Қазір ағылшын және араб тілі курстары жұмысын бастаса, келесі сатыда қазақ, түрік, француз тілдерін дамыту жоспарланып отыр. Оларға, әлбетте ең білікті, дәріс беру тәсілі озық оқытушылар қамтылмақ.
Дереккөз: http://kazislam.kz/