Өскеменде көршілері өртеніп жатқан үйден екі баланы алып шықты — Тосын жай

0

Өскеменде көршілері өртеніп жатқан үйден екі баланы алып шықты, — деп хабарлайды yk.kz.

Өрт «Титан» бау-бақша қоғамының территориясында шыққан. Үйде 2014 және 2012 жылғы екі бала қалып қойған. Сөйтсек, үй иесі пеш жағып, шаруаларымен кетіп қалыпты.

Қою түтінді Арман Қайсенов пен Геннадий Семиков байқап қалған. Олар көп ойланбастан көмекке ұмтылған. Екі ер адам өртеніп жатқан үйге терезесін шағып кіріп, екі баланы құтқарған. Куәгерлер өртсөндірушілерді шақырып үлгерген. Өрт шалған аумақ — 64 шаршы метр. Өрттің себебі ретінде пеш құрылымы мен пайдаланудағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау нұсқасы қарастырылып жатыр.

Қазіргі уақытта балалар Ана мен бала орталығында, жағдайлары тұрақты. 

Ал Арман мен Геннадий өздерін батырмыз деп есептемейтінін, кез келген адамның осындай әрекетке баратынын айтады.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz