«Ливерпуль» ойыншылары «Арсенал» командасын ойсырата жеңді — Футбол

0

«Ливерпуль» өз алаңында лондондық «Арсеналды» Англия чемпионатының 20-ншы турындағы матчта ойсырата жеңді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбіде «Энфилдте» өткен кездесу 5:1 есебімен аяқталды. Есепті бірінші болып лондондық ойыншылар ашты. Ойынның 11-нші минутында қонақтар құрамасындағы Энсли Мейтленд-Найлз ерекше көзге түсті. Осыдан кейінгі голдарды «Ливерпуль» ойыншылары салды. Роберто Фирмино хет-трик жасады, ол 14, 16 және 65-нші минутта көзге түсіп, үшінші допты пенальтиден соқты, сонымен қатар, Садио Мане (32) мен Мохамед Салах пенальтиден (45) доп соқты.

«Ливерпуль» 54 ұпай жинап, премьер-лига кестесінде көшбастап тұр, ол «Тоттенхэмді» басып озды, айырмашылық — 9 ұпай. «Қызылдар» Англия чемпионатының биылғы маусымында жеңіліп көрмеген жалғыз команда. Олардың жеңісті сериясы қатарынан 9 матчқа артты. «Арсенал» 38 ұпаймен бесінші сатыға жайғасты.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz