​Ақын Ұлықбек Есдәулет Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынға алды

0

​Ақын Ұлықбек Есдәулет Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынға алды

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынға алды. Ақынға әзілкештің сахнадағы сөйлеу мәнері мен шүлдірлеген тілі ұнамай қалған. Бұл ойын Facebook желісіндегі парақшасында жеткізген. Ұлықбек Есдәулет жазбасын «Қазақстан» телеарнасының басшысы Ерлан Тынымбайұлына қарата жазған.


  
«Тілімізді бөтен сөзбен былғауын тоқтатсын. Шүлдірлемей, қойыртпақтамай сөйлесін. Ұлттық арнаны әркімнің ойланбай сөйлеп, жұртты күлдіргеннің жөні осы екен деп, өзге тілді оңды-солды безей беретін, қазақшаны белден басып, ойына келгенді айта беретін орынға айналдыруға болмайды. Тілдің қасиеті мен саxнаның киесі бар екенін естен шығармасын. Эфирге шығады екен — ана тілімізді құрметтеуі керек! Тіпті эстраданың еңіреген жұлдызы болса да! Тілі енді шыққандарды қойып, мектеп жасындағы ұрпақтардан ұят! Тіл тазалығына әр өнер адамы жауапты. Егер оның әзіл-қалжыңынсыз Ұлттық арна күн көре алмайтын болса, жаттайтын мәтінін таза қазақ тіліне көшіріп беретін сауатты редактор бөлгендерің дұрыс. Жақында Тұрсынбек ініміз көшедегі жарнамалардың тілі мен аудармасын өлтіре сынады. Айызым қанып, риза болып көрдім! Тақырыбын тапқан екен деп қуандым. Енді көшемен қатар өзінің тілін де түзегені жөн болар еді» – дейді ақын.
  
Дереккөз: Reactor

Дереккөз: http://reactor.inform.kz