Вице-министр атом электр станциясының құрылысына қатысты түсініктеме берді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.
«Қазір сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Министрлік жанындағы ведомствоаралық комиссия жұмыс жасап жатыр. «Самұрық Қазына» жанынан сәйкес компания құрылып, осы талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірше, атом электр станциясы саланытыны немесе оның мерзімі туралы нақты шешім жоқ», — деді вице-министр.
Ол 2014 жылы Үкіметпен сәйкес жұмыстар қолға алынып, Курчатов қаласы немесе Балқаш өзені маңы секілді алаңдар анықталғанын еске салды.
«Қазір талқылау жүріп жатыр. Нақты шешім әлі де қабылданған жоқ», — деді Есімханов.
Еске сала кетсек, ҚР Энергетика минсистрі Қанат Бозымбаев бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарының бірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу қажеттілігі туралы шешім 2018 жылдың соңына дейін қабылданады деп мәлімдеген болатын.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ