Солтүстік Қазақстанда қырық градусқа дейін аяз болуы мүмкін
2018 жылғы 22 желтоқсан 16:48 76
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — Солтүстік Қазақстан облысында келесі аптада күн қатты суытуы мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, термометр бағаны дүйсенбі күні 30 градустан төмен болуы ықтимал.
«24 желтоқсан түнде, 27 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ауа температурасы 25-30, кей жерлерде -35 градус аяз болуы ықтимал. 25-26 желтоқсан түнде ауа температурасы 32-37, кей жерлерде 40 градус аяз болуы ықтимал», — делінген xабарламада.
Күндіз 22-27, кей жерлерде 30 градус аяз болады.
Автор: Олеся Жуковень
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz