Түркістанда 24 жастағы мүгедек жігітті 6 адам зорлап келген

Түркістан облысында 24 жастағы мүгедек жігітті 6 адам зорлаған, олардың екеуі кәмелетке толмаған. Бұл туралы «Не молчи» қоры хабарлады. Жігіттің ақыл-есі 3-4 жастағы бала деңгейінде, ол болған жағдайды анасына ауырсыну салдарынан айтып берген.
Жәбірленушінің айтуынша, зорлық бірнеше рет қайталанған, ал күдіктілердің төртеуі – оның туыстары. Бұл жағдай бүкіл ауылға тарап, зорлаушылар кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Жігіттің әкесі ашуға булығып, оларға шабуыл жасамақ болған.
Анасы полицияға арыз бергенімен, бастапқыда өтініш қабылданбаған, ал полиция оны БАҚ-пен байланыс жасамауға шақырып, айыппұлмен қорқытқан. «Не молчи» қоры істің әділ тергелуін және отбасыға толық қолдау көрсетуді талап етуде.
фото: fagligsenior.dk