Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым” - Мөлдір Мұқанова

“Қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым” - Мөлдір Мұқанова
Фото: видеодан скриншот

Медиа кеңістікте танымал Мөлдір Мұқан «Тек қана қыздар» подкастында жеке өміріне қатысты тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол ауқатты отбасында өскеніне қарамастан, тұрмысқа шығарда байлыққа емес, махаббатқа мән бергенін айтты. Бала күнінен жоқшылық көрмегенін, ауылдағы алғашқы түрлі түсті теледидар мен жұмсақ диван да олардың үйінде болғанын еске алды.

«Қолында ештеңесі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Барлығын нөлден бастадық», – деді Мөлдір.

Сондай-ақ ата-анасынан ерте айырылып, өмірдің ауыр сынақтарынан өткенін де жасырмады. Бұл сұхбат желіде қызу талқыланып, бір бөлігі оның ашықтығын қолдаса, енді бірі бұрынғы жұбайына қатысты пікірлерін сынға алды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.