Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Келесі жылдан бастап ұшақтар мен пойыздарда интернет қолжетімді болады

Келесі жылдан бастап ұшақтар мен пойыздарда интернет қолжетімді болады
Фото: depositphotos.com

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылдан бастап Қазақстанда ұшақтар мен пойыздарда интернет қолжетімді болатынын хабарлады. Бұл туралы ол жыл қорытындысына арналған БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді., деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, келесі жылы Air Astana әуе компаниясының әуе кемелері мен «Қазақстан темір жолы» пойыздарын интернетке қосу жұмыстары басталады. Соның нәтижесінде 2026 жылдан бастап теміржол көлігімен қатынайтын жолаушылар интернетті пайдалана алады.

«Жоспарымызға сай, 2026 жылдың алғашқы жартысында негізгі бағыттардағы пойыздарда жолаушылардың шамамен жартысы спутниктік интернетке қол жеткізеді. Ал қазан айына қарай Air Astana ұшақтарының борттарында да спутниктік интернет іске қосылады», - деді Жаслан Мәдиев.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі