Қоғам

Он алты мың қазақстандықтың дерегі қалай таралып кетті: Жасанды интеллект министрлігі жауап берді

Жарқын Омаров Жарқын Омаров
Он алты мың қазақстандықтың дерегі қалай таралып кетті: Жасанды интеллект министрлігі жауап берді
Фото: © freepik.com

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтен журналистер 16 мың қазақстаныдықтың жеке деректерінің таралып кетуіне қатысты мәселені қайта сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист биыл 16 миллион азаматтың жеке деректері таралып кеткенін, бұл ақпараттық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп отырғанын айтып, осыған байланысты министрден бұл жағдай ведомство жұмысының әлсіздігін көрсетпей ме деген сауал қойып, банктер тарапынан азаматтардың жеке деректерін сату деректері бар-жоғын сұрады.

Жаслан Мәдиев жауап барысында жылдық есепте киберқауіпсіздік мәселесіне тоқталғанын, елде бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізіліп, биометриялық технологиялар қолданысқа енгізілгенін айтты. Сондай-ақ, айыппұл тетіктері қарастырылғанын атап өтті. Бұл мәселеге қатысты толық жауапты өзінің орынбасары Досжан Мұсалиев беретінін айтты.

Вице-министрдің айтуынша, 16 миллион азаматтың жеке деректерінің таралуы 2020 жылы болған. Ақпараттың қалай сыртқа шыққаны тергеу баоысында белгілі болған.

«Жүйелерге қол жеткізу құқығы бар адамдардың компьютерлері немесе есептік жазбаларындағы логин мен парольдер арқылы бүкіл жүйедегі деректер алынған. Бұл мәліметтердің барлығы құзырлы органдарға берілді, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті жауап беріледі», – деді ол.

Досжан Мұсалиев әрбір ақпараттық жүйенің өз иесі болатынын және деректердің қауіпсіздігіне солар жауапты екенін атап өтті. Барлық талаптар заңнамада нақты көрсетілген.

«Біздің міндетіміз талаптарды бекіту және олардың орындалуын бақылау. Тексеру кезінде осының бәрі қаралады. Қауіпсіздік талаптары сақталмаса, осындай жағдайлар болуы мүмкін. 16 миллион азаматтың деректеріне келсек, ол кезде биометриялық сәйкестендіру болмаған. Сол себепті логин мен құпиясөздерді бірнеше қызметкер пайдалана берген. Мұндай жағдайды болдырмау үшін желтоқсан айында дерекқоры 100 мыңнан асатын ақпараттық жүйелерге биометрияны міндетті түрде енгізу туралы талап қойдық», – деді вице-министр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz