Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жолаушы көз жұмды: Мюнхеннен Бейжіңге бара жатқан ұшақ Алматыға шұғыл қонды

Жолаушы көз жұмды: Мюнхеннен Бейжіңге бара жатқан ұшақ Алматыға шұғыл қонды

Lufthansa ұшағы борттағы төтенше жағдайға байланысты Алматыға шұғыл қонды – рейсте жолаушы көз жұмған. Қазақстанның авиация әкімшілігі жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 желтоқсанда Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған Lufthansa компаниясының LH 0722 рейсімен ұшып бара жатқан жолаушы өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

"Экипаж мүшелері Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға шешім қабылдады. Әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы ұшаққа тез арада жіберілді", - делінген хабарламада.

Келіп жеткен медицина қызметкерлері жолаушының ұшу кезінде көз жұмғанын анықтады.

Ұшақ Алматыда жанармай құйып алып, сағат 7:56-да баратын әуежайына ұшып кетті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.