Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Эмоциямен айттым": Gusto мейрамханасының әкімшісі халықтан кешірім сұрады

"Эмоциямен айттым": Gusto мейрамханасының әкімшісі халықтан кешірім сұрады

Шымбұлақтағы тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасында қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқаны үшін сынға ұшыраған әкімші жұртшылықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Елена есімді мейрамхана әкімшісі заңгер Мейірман Шекеевпен кездесіп, кешірімін оның Instagram парақшасында жарияланған бейнежазба арқылы жеткізді.

«Айтқан сөздерім үшін халқымнан кешірім сұраймын. Мен де Қазақстанның азаматымын. Эмоцияға беріліп, “Мен КСРО-да тудым” деп айтып қалдым. Бұл сөздеріммен ешкімді ренжіткім келген жоқ. Сол үшін баршаңыздан кешірім өтінемін», – деді ол.

Заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, тараптар кездесіп, мәселені өзара келісім арқылы шешкен. Сонымен қатар ол Gusto мейрамханасының әкімшілігімен тілдесіп, мәзірдегі тілдік қателіктерге назар аударған. Мейрамхана басшылығы орын алған жағдай үшін кешірім білдіріп, мәзірдегі кемшіліктерді түзетуге уәде берген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.