«Джиппен ұрлап әкеткен»: Ақтауда 18 жастағы мүгедек жігітті зорлап кетті
Адвокат Ажар Әбділ 2024 жылғы 27 желтоқсанда мүгедек жігіттің ұрланып, зорланғанын мәлімдеді. Жәбірленушінің анасы полицияға арыз бергенімен, қажетті сараптамалар әлі тағайындалмаған. Адвокат қала орталығынан ақ джиптің жігітті алып кеткені бейнебақылау жазбаларында көрінетінін, бірақ күдікті әлі анықталмағанын айтты.
“Қала орталығынан ақ түсті джиптің қорғансыз адамды алып кеткені анық көрінетін бейнебақылау жазбалары алынбаған, бұл көліктің қозғалыс бағытын қадағалау қиындық туғызбайды. Жазбалар екі ай сақталады, бұл – факт. Оқиға хронологиясын қалпына келтіру қиын көрінбейді. Өйткені жәбірленушіні тура қала орталығынан көлікпен алып кеткен… Бірақ сонша камера бола тұра, күдікті әлі анықталмағаны таңғалдырады. Сараптамалардың тағайындалуы туралы тіпті айтпай-ақ қояйын», – деп жазды адвокат.
Маңғыстау облысының полициясы Қылмыстық кодекстің 121-бабы («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша іс қозғалғанын, сараптамалар тағайындалғанын және тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.
фото: yuga.ru