«Денесі іріп-шіріп кетер еді»: Шымкентте мәйіті табылған жігіттің ағасы бауырының өзіне қол салғанына сенбейді
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_7437.png)
Шымкентте 20 күн бұрын із-түссіз жоғалып, мәйіті табылған жігіттің ағасы марқұмның өзіне қол салғанына сенбейді.
Марқұмның ағасының сөзінше, 20 жастағы жігіт Шымкенттен 15-қаңтар күні көлік құжатын алуы керек болған.
“Төлеметов көшесі жақтан табылды, 21 күн дегенде. Сол уақыт бойы асылып тұрмаған. Болса сол 20-күндері көз жұмған. Оған дейін ондай болмаған. Егер 20 күн бойы тұрса еттің бәрі іріп-шіріп кетеді ғой. Баланың денесі қазір сараптамада. Өзінің сөмкесінің бауына асылған. Ол енді аса салмақ көтермейді. Қолдан жасалған деп ойлаймын өзім”, – дейді Бәйдібек Еділбектің ағасы.
Жоғалған жігіттің жақындары полицияның соңғы екі-үш күнде ғана іздеуді күшейткенін айтады.
“Полицейлер соңғы 2-3 күнде жұмыс істеді. Оған дейін қимылдамады. Камерасының бәрін өзіміз қойып беріп отырдық. Оған дейін полициядан хабар болмады. Білгеніміздей Шымкенттегі камераның 5 пайызы ғана бақылап, қалған 95 пайызы айыппұлға жауап береді екен”,– дейді қайғыдан қан жұтқан Бейбарыстың ағасы.
фото: марқұмның жеке парақшасынан