ЕО Brexit жоспарын ратификациялайды

0

Еуропалық Одақ Brexit жоспарын ратификациялау туралы келісімге келді.

Одаққа мүше елдер Ұлыбритания одақ құрамынан шыққан күннің өзінде басқа мемлекеттер Біріккен Корольдікпен барынша тығыз қарым-қатынасты сақтап қалатынын айтты. Осыған байланысты Брюссельде өткен Еуроодақ саммитінде құжат қайта қарастырылмайтыны туралы шешім қабылданды. Бұған қатысты Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск: «ЕО 25 қарашадан бері осы жобаны жүзеге асыруға дайын. Енді саяси декларация бекітіліп, әскерилерді елден шығару туралы шешім қабылданады. Бүгінгі жиыннан соң уағдаластықты ратификациялау керектігін ұғындық. Қайта келіссөздер өткізудің де керегі жоқ, барлығы бүгін талқыланады», – деп мәлімдеді.

Brexit келісімінен кейін Ирландия Республикасы мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекара мәселесі реттеліп, Солтүстік Ирландияның кеден одағының құрамында қалуы туралы заң жобасы жүзеге асады. Британия премьер-министрі Тереза Мэй: «Күні бүгінге дейін Brexit жоспарын талқылап, біраз өзгерістер енгіздік. Ендігі кезекте Ұлыбритания одақ құрамынан шығу үшін келісімді шұғыл мақұлдау керек. Парламент нақты бекітсе, қолға алған істеріміз оңынан жүзеге аспақ. Яғни Біріккен Корольдікке тұрақтылық қажет», – дейді. Ал Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер: «Brexit бойынша келісім өзгертілмейді. 19 желтоқсанда соңғы жауапты алатын боласыздар», – деді.

Еске сала кетейік, Біріккен Корольдік Еуроодақ құрамынан 2019 жылдың 29 наурызында шығады. Ал 2020 жылдың соңына дейін ішкі нарықтағы жағдай, дипломатиялық байланыс пен еуропалық саясатқа реформалар енгізілмейді.

«The Qazaq Times»