ТКШ саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция салынады 

0

Астана, BAQ.KZ. 2021 жылға дейін табиғи монополиялар саласына тартылатын инвестициялар 2,2 трлн теңгені, соның ішінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына инвестициялар 1,3 трлн теңгені құрайды. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды LS порталы.

Ведомство басшысы атап өткендей, соңғы үш жылда ТКШ саласына 684 млрд теңге инвестиция тартылған.

«Соңғы екі жылда халықаралық қаржы ұйымдарынан 19,6 млрд теңге тартылған. Бұл инфрақұрылым тозуының өсуін тоқтатып қана қоймай, кері трендті де қайтаруға мүмкіндік берді. Осылайша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, орташа тозу 66% емес, 64,9% құрап, 1,1% төмендеген», — деді Сүлейменов.

Ол, сондай-ақ, жақын келешекте министрлік тариф құру бойынша жаңа ынталандырушы әдіс енгізуді жоспарлап отырғанын айтты. Соның ішінде, электр энергиясы саласында сапасыз қызмет көрсетуге тұтынушылардың шағымы, жоспардан тыс ұзақ мерзімге жарық сөнуінің орташа саны мен уақыты секілді сапа көрсеткіштері енгізілетін болады.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ