«Ақ жол» партиясы шенеуніктерге қызметтік баспана беруді ретке келтіруді талап етті

0

«Ақ жол» партиясы шенеуніктерге қызметтік баспана беруді ретке келтіруді талап етті – тиісті депутаттық сауалды Мәжілістің пленарлық отырысында Меруерт Қазбекова мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

«Ақ жол» фракциясы бұдан бұрын араны ашылған шенеуніктердің шектеусіз тәбеті мен олардың сән-салтанатқа деген құштарлығына бірнеше мәрте назар аударған болатын. Неліктен ол салық төлеушілердің есебінен төленуі тиіс екен.

Мәселен, әкімдіктерді айтпағанда, жергілікті жерлерде «кішігірім» бастықтар, колледж немесе облыстық филармония директорына дейін қымбат джип пен седан мінеді.

Әріден соң, биылғы жылы мемлекет есебінен қымбат пәтер алғандар туралы ақпарат бірінен соң бірі шығып жатыр.

Бір апта бұрын ғана Павлодарда аумағы 230 шаршы метр, құны 50 миллион теңгені құрайтын қызметтік пәтерге қатысты дау туған еді. Сондай-ақ, жалпы құны 226 миллион теңгені құрайтын бес пәтер сатып алынған.

Белгілі болғандай, бұл алғаш тіркеліп отырған факті емес, «айсбергтің шыңы» ғана.

Үстіміздегі жылғы қыркүйекте Атырау қаласының әкімдігі 58 миллион теңгеге жиһазымен қоса 5 бөлмелі тұрғын үй сатып алған.

Ал Өскеменде екі элиталық тұрғын үй нысанына 82 милллион теңге жұмсалды. Оның бір топтамасы – бұл төбесі төрт метр биіктікке жететін, ауданы 260 шаршы болатын құны 45,3 миллион теңгелік бес бөлмелі пәтер болса, екіншісі – 210 шаршыны құрайтын 37 миллионға бағаланған төрт бөлмелі пәтер.

Шымкенттің тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы «аса» жайлы 5 қызметтік пәтер сатып алу туралы хабарландыру берген. Әр пәтерге 43 миллион теңгеден бөлініп отыр.

Көкшетауда әкімдік 40 миллион теңгеге аумағы 145 шаршы метр 4 бөлмелі пәтер сатып алды.

Ал Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында аудан әкімінің зәулім сарайын жөндеуге бюджеттен 24 миллион теңге бөлінген.

Тағы бір әкім, енді Алматы облысы Жамбыл ауданының, кең паркингі бар, аумағы 180 шаршы метр баспананы 35 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Ал журналистердің ақпаратына сүйенсек, сол Ұзынағаш елді-мекеніндегі ең қымбат коттедж 20 миллион теңгеден аспайды

Бұл тек баспасөз бен қоғамға ғана белгілі болған фактілер.

Еліміздегі барлық қаласы мен ауданында мұндай деректердің қанша екенін тек болжауға болады. Сол нысандардың қайсысы өз бағасымен сатып алынғанын, ал қайсысының жоғарылатылған бағамен қымқыру үшін пайдаланылғанын кім білсін.

Осы орайда, мыңдаған қарапайым азамат ипотекасын уақытында төлеу үшін күн-түн демей еңбектеніп, көп нәрседен бас тартып жатқанда, тіпті «7-20-25» бағдарламасының өзі пәтерлердің құны бойынша шектеулер мен төлем міндеттілігін жүктейді, сәулетті тұрмысқа ұмтылған, ысырапшылдық пен астамшылыққа жол берген шенеуніктердің сынға ілігуі орынды.

Оның үстіне, мұндай объектілерді кейіннен жекешелендіруін оларда тұратын шенеуніктер, сондай-ақ өздері белгілеген талаптарға сай жеңілдікпен тұратындарды есептен алып тастауға болмайды.

«Ақ жол»  фракциясы мемлекеттің ақшасына шенеуніктерге қызметтік баспана әперуді баға параметрлерімен және баспана аумағымен реттеу керек деп санайды. Бұл олардың өз қалауы бойынша іске асырылмауға тиіс.

Мәселен, «7-20-25» бағдарламасы бойынша дәл сол Павлодарда баспананың ең жоғары бағасы 15 миллион теңге болып бекітілген. Ал әкімдік пәтерді өзіне үш есе қымбат бағаға сатып алған.

Баяндалғанды негізге ала отырып, құрметті Бақытжан Әбдірұлы, «Ақ жол» фракциясы келесі шараларды қабылдауыңызды сұрайды:

  • Сатып алынатын қызметтік баспананың қарапайым ғана әдептілікті ұстана отырып, бюджет қаражатын ұқыпты пайдалануға сай келетінін анықтау үшін мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдарға тексеріс жүргізу. Мұндай баспананы жеке пайдалануға беруде жекешелендіру жағдайы мен талаптарын да қоса ескерген жөн. Тексеріс қорытындысынан Парламент пен қоғам да хабардар етілсін;
  • Заң мен этика талаптары сақталмаған заң бұзушылық фактілері анықталса кінәлілерді жауапқа тарту;
  • Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз етудің қатаң критерийлерін бекіту. Мәселен, «7-20-25» бағдарламасының параметрлерін негізге ала отырып немесе әр отбасы мүшесін тұрғын үй аумағымен қамту стандарттарын ескере отырып;
  • Ыңғайлы және кең тұрғын үй алғысы келген мемлекеттік қызметшілердің де құқығы қарастырылсын, мұндай жеке қалаулары өз қаражаты есебінен іске асырылсын.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

«Қамшы» сілтейді