«Жүгір немесе өлесің» ойыны: ІІМ мәлімдеме жасады

0

ІІМ «Жүгір немесе өлесің» ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде «Жүгір немесе өлесің» сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылып жатыр.

«Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ», — делінген хабарламада.

Жалпы биылғы 9 айда елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы болып, онда 200-ден аса бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алған.