Тұңғышбай Жаманқұлов “Түркі дүниесіне қосқан ерен еңбегі үшін” жоғары марапатын иеленді
Ташкентте өтіп жатқан кинофестивалде профессор-ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов “Түркі дүниесіне қосқан ерен еңбегі үшін” жоғары марапатын иеленді.
Бұл сыйлықты Түрксойдың төрағасы Сұлтан Раев табыстады.
Еске сала кетейік, Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов 1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында туған актер, режиссер, театр педагогы. Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор. Осы уақытқа дейін Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстанның халық әртісі (1992), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992), Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006), Парасат және Достық ордендерінің иегері атанған еді.
фото: www.facebook.com