Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Мемлекеттен 17 миллиард алып, есеп бермеген”: Нартай Аралбайұлы жаға ұстатарлық жағдайлармен бөлісті

“Мемлекеттен 17 миллиард алып, есеп бермеген”: Нартай Аралбайұлы жаға ұстатарлық жағдайлармен бөлісті
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс отырысында Жоғары аудиторлық палатаның кезекті есебі тыңдалды. Қорытындыда кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген мемлекеттік қаржының нәтижелілігі төмен екені айтылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Аудит деректеріне сүйенсек, соңғы тоғыз жыл ішінде жекелеген компаниялар бизнесті дамыту мақсатында мемлекеттен 11–17 миллиард теңгеге дейін қаржы алғанымен, оның қалай игерілгені жөнінде нақты есеп ұсынылмаған. Ал кейінгі бес жылда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған 4,5 триллион теңгенің кімдерге, қандай негізде және қандай нәтиже үшін бөлінгені ашық көрсетілмеген.

Бұл жағдайға Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы да алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, миллиардтаған қаржы жұмсалғанымен, оның қайтарымы мен тиімділігі туралы нақты ақпарат жоқ.

«Кейбір компаниялар тоғыз жыл ішінде 11, тіпті 17 миллиард теңге алған, бірақ есебі жоқ. Бұл – өте алаңдатарлық жағдай. Соңғы бес жылда бизнеске 4,5 триллион теңге бөлінді. Алайда бұл қаржы қайда кетті, кімге берілді, қандай мақсатта жұмсалды деген сауалдар жауапсыз қалып отыр», – деп жазды депутат.

Сондай-ақ аудит барысында мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы кәсіпкерлер мен азаматтардың көпшілігі толық хабардар емес екені анықталған. Ал бөлінетін қаражаттың едәуір бөлігі үнемі бір топқа тиесілі тұлғалардың үлесіне тиіп отырған.

Жоғары аудиторлық палата мұндай жағдай бюджеттік тәуекелдерді күшейтетінін атап өтіп, мемлекеттік қаржының жұмсалуына бақылауды күшейту қажеттігін мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.