Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бұрынғы полицей 47 жастағы әйелін ажырсқан күні атып өлтірді

Бұрынғы полицей 47 жастағы әйелін ажырсқан күні атып өлтірді
ашық дереккөзден

23 желтоқсанда Қырғызстан астанасы Бішкекте жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері 47 жастағы экс-жұбайын атып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды kznews.kz.

Дереккөздің жазуынша, кешкі уақытта Свердлов ауданында, Боконбаев пен Ибраимов көшелерінің қиылысындағы пәтерде ер адам бұрынғы әйеліне бірнеше рет оқ атқан. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар сол күні ресми түрде ажырасқан. Жанжал дәл осы сәтте ушығып, қайғылы оқиғаға ұласқан. Куәгерлер күдіктінің оқ атқан кезде мас болуы мүмкін екенін айтады.

Қырғызстанның құқық қорғау органдары күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, марқұмның артында екі баласы қалды. Қайғылы жағдай оның туған күнімен тұспа-тұс келгені де хабарланды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер