Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қыдырәлі Болманов мемлекеттік орденмен марапатталды

Қыдырәлі Болманов мемлекеттік орденмен марапатталды
Фото: ғаламтордан

Белгілі қоғам қайраткері, продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болманов жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында өзі жариялады. Оның айтуынша, ол Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденімен марапатталған.

«Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” ордені табысталды. Бұл – ең алдымен Алланың, сондай-ақ сіздердің ақ тілектеріңіз бен дұғаларыңыздың арқасы. Алла разы болсын, қазақ елі», – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Сондай-ақ осы марапаттау рәсімінде «Ұлытау» этно-рок тобының мүшелері де арнайы төсбелгілермен атап өтілді. Бұл – топтың ұзақ жылғы шығармашылық еңбегіне берілген жоғары баға.

Өнердегі де, өмірдегі де серігі Қарақат Әбілдина жолдасын ерекше ықыласпен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

«Ар мен намысты бәрінен биік қойған асыл жарымның дәл “Намыс” орденімен марапатталуы өте орынды әрі мағыналы. Біз үшін үлкен қуаныш. Баршаңыздың жылы лебіздеріңізге алғысымыз шексіз. “Ұлытау” тобы – біз үшін тек өнерімен ғана емес, адамгершілігімен де биік. Сахнада 27 жыл жүргендеріңде алған алғашқы төсбелгілерің құтты болсын», – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Бұл марапат Қыдырәлі Болманов пен «Ұлытау» тобының қазақ мәдениеті мен өнеріне қосқан елеулі үлесінің тағы бір айқын дәлелі болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.