Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Ішкі ағзаның бәрі желініп кеткен»: Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі қалай қайтыс болғанын айтты

«Ішкі ағзаның бәрі желініп кеткен»: Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі қалай қайтыс болғанын айтты
Фото: ашық дереккөз

Белгілі актер, Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімовтың екінші жары Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі Майра апайдың ауыр дерт салдарынан өмірден өткенін айтып, оның соңғы сәттері туралы естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы ол Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдат Әшімованың айтуынша, Майра апай сирек кездесетін склеродермия атты дертке шалдыққан. Бұл – адам ағзасындағы барлық ішкі мүшелердің біртіндеп зақымдалып, жұмыс істеуін тоқтататын өте ауыр және сирек кездесетін ауру. Дәрігерлердің сөзіне сенсек, бұл диагноз мыңнан бір адамға ғана қойылатын ерекше жағдай.

«Майра апа 1993 жылы кетті. Бір-екі жылдай ауырған. Бүкіл ішкі ағза біртіндеп желіне бастайды екен. Өте тырысыпты, алып қалуға. Мәскеудегі Кремль ауруханасына да апарған. Соңында Германияға да жеткізген. Бірақ аппаратпен елге алып келе жатқанда оянбай қалған», – дейді Бағдат Әшімова.

Сол кез Асанәлі Әшімов үшін де өте ауыр кезең болған. Өйткені дәл сол уақытта актер аппендицит диагнозымен ауруханада жатқан. Операциядан кейінгі қалпына келу кезеңінде жатқан Әшімовтің ауруханадан шығуына рұқсат берілмеген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.