Шоу-бизнес

“Басқалардың сөзіне еріп кеттім”: Фариза Алмазқызы Нұрсұлтан Жақсыген туралы

Ayzhan Sylanova Ayzhan Sylanova
“Басқалардың сөзіне еріп кеттім”: Фариза Алмазқызы Нұрсұлтан Жақсыген туралы
Фото: әлеуметтік желіден

Блогер Фариза Алмазқызы «Тек қана қыздар» подкастына қатысып, бес жыл бұрынғы жеке өміріне қатысты оқиғаның қалай өрбігенін ашық айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Подкаст барысында жүргізушілер оның әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенмен қалай шаңырақ көтергені жөнінде сұрақ қойған. Осы сәтте Фариза Алмазқызы өткен күндерді бүкпесіз еске алды.

Оның айтуынша, бастапқыда араларында махаббат қатынасы болмаған. Екеуі бір ортада араласып, аға мен қарындас ретінде ғана сөйлескен. Жайдарман құрамындағы жігіттермен де аралас-құралас болғанымен, ол Нұрсұлтанды тек аға ретінде қабылдағанын жасырмады. Ал әзілкештің өзіне деген сезімі мүлде бөлек болған.

Блогердің сөзінше, бәрі күтпеген жерден, өте жылдам өрбіген. Қысқа уақыт ішінде екі жақтан да шешім қабылданып, той күні белгіленген. Ол бұл өзгерістерге психологиялық тұрғыда дайын болмағанын, тіпті соңына дейін Нұрсұлтанды жігіт ретінде қабылдай алмағанын айтады.

«Ол мені әлеуметтік желіге “қарындасым” деп жариялағаннан кейін, түрлі адамдардан хаттар келе бастады. Ортадағы ағаларымыз да “ол сені қатты жақсы көреді”, “бақытты ететін адам” деп ақылын айтты. Сол сәттерде өзімнің қалай келісіп кеткенімді де аңғармай қалдым», – дейді Фариза.

Ол ең ауыр ойлар ұзату тойы кезінде келгенін мойындады. Сол сәтте ғана не істеп жатқанын, жақсы көрмейтін адамға тұрмысқа шығуға қалай келісіп қойғанын түсінген. Алайда қонақтар жиналып, барлық дайындық жасалған соң, «ұят» деген ұғым шешімін өзгертуге мүмкіндік бермегенін айтты.

«Жан-жағымдағы адамдардың сөзіне еріп кеттім. Ол кезде “жігіт мені жақсы көрсе болды” деген оймен жүрген едім», – деп түйіндеді блогер.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz