Экономика

Қазақстанда алтын бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Ayzhan Sylanova Ayzhan Sylanova
Қазақстанда алтын бағасы рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: pexels

2025 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстанда алтынның құны тарихи ең жоғары көрсеткішке жетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, осы күні бір грамм алтынның бағасы 73 615,20 теңге болды. Салыстырмалы түрде айтсақ, бір күн бұрын бағасы 73 514,30 теңгені құраса, ал 1 желтоқсанда алтын 68 539,52 теңгеден саудаланған.

Ұлттық банк 2025 жылдың үшінші тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пункттері арқылы жалпы салмағы 438,4 келі болатын 8 302 өлшемді алтын құймасын сатқаны белгілі болды.

Сонымен қатар, әлемдік нарықта да қымбат металдарға сұраныс артып отыр. Нью-Йорктегі COMEX биржасында алтын мен күміс бағалары өсіп, жаңа рекордтық деңгейлерге жетуде. 2025 жылдың басынан бері алтынның бір унциясының құны 1 000 АҚШ долларынан астамға көтерілген. Сарапшылар мұны жаһандық экономикалық тұрақсыздық пен ірі мемлекеттердің ақша-несие саясатын жұмсартуы мүмкін деген күтулермен байланыстырып, алтынның қорғаныс активі ретіндегі тартымдылығы артқанын атап өтуде.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz