Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Жаным ашып кетті ғой”: Депутаттың әйелі бір күндік өмірін көрсетіп видео жариялады

“Жаным ашып кетті ғой”: Депутаттың әйелі бір күндік өмірін көрсетіп видео жариялады
Фото: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің әйелі Адель Әділова өзінің бір күндік өмірін видеода көрсетіп, жұрттан сөз естіп қалды , деп хабарлайды kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Адельдің видеосынан байқағанымыз, олар отбасымен бірге таңғы 07-30-да ұйқыдан тұрып, балаларды сабаққа, балабақшаға жөнелтеді екен. 

Таңғы асын ішіп, кофеленіп алған соң "қауырт" шаруаларымен сыртқа шығатынын айтқан Адель үйлерінде тамақтарын дайындайтын жеке аспазы, әрі бері көлікпен таситын жеке жүргізушілері барын жасырмады. 

Спорт салонына барып, дене шынықтырумен айналысқан Адель әрі қарай шопырымен "Оқу орталығындағы" жұмысына жөнелді. 

"Күнімді ең сүйікті ісім вокалмен, ән айтумен аяқтаймын"деген Адельдің бұл видеосына қатысты жұрт біраз нәрсе айтып тастады. 

"Халықтың ақшасына жеке шопыр, жеке аспаз жалдайтын, өмірің керемет екен", "депутаттың әйелі сауатсыздау екен", "жағдайларыңды жасап алыпсыңдар", "жаным ашып кетті ғой"деп жұрт сөзбен түйреп тастады. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.