Жаңалықтар

Асанәлі Әшімовтің жаназасына мобилограф ертіп барған Сәкен Майғазиев елдің сынына қалды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Асанәлі Әшімовтің жаназасына мобилограф ертіп барған Сәкен Майғазиев елдің сынына қалды (ВИДЕО)
ozgeris.info коллажы

Әнші Сәкен Майғазиев қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салуға барғаны үшін әлеуметтік желіде сынға қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Желі қолданушылары Майғазиевті қаралы жиынға мобилограф ертіп барып, түсірілген видеоларды әлеуметтік желіге жүктеді деп айыптаған. Бұл әрекет көпшілік арасында түрлі пікір тудырды.

Алайда Threads желісіндегі бір қолданушы әншіні ақтап, былай деп жазды:

"Сәкен Майғазиевті "жерлеуге мобилографпен келіп, бәрін видеоға түсіріп, желіге салды" деп жамандап жатыр. Меніңше, бұлай даттаудың қажеті жоқ. Оның мәдениеті жоғары адам".

Осы оқиғадан кейін желіде қарама-қайшы пікірлер көбейді. Кейбірі әншіні сынаса, енді бірі оны қорғап шықты.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz