АҚШ-та адамға шошқаның жүрегін салып, сәтті ота жасалды

0

Американдық дәрігерлер гендік-модификацияланған шошқаның жүрегін адамға трансплантациялап, екінші рет сәтті операция жасады. Алдыңғы пациент мұндай трансплантациямен екі ай өмір сүрген.

«Операция Мэриленд университетінің медициналық орталығында өтті. Операциядан кейін пациент, 58 жастағы американдық әскери-теңіз күштерінің ардагері Лоуренс Фацетт көмекші құралдарсыз тыныс алады, ал трансплантацияланған жүрек «сыртқы құрылғылардың көмегінсіз жақсы жұмыс істейді», — делінген университеттің сайтында.

Фацетт бұрын жүрек-қан тамырлары ауруы мен ішкі қан кетудің асқынуына байланысты адамның донорлық жүрегін алуға жарамсыз деп танылды.

фото: DW