Түркияда жол апатынан қаза тапқан атыраулық журналистің күйеуі де жансақтау бөлімінде қайтыс болды
Түркиядағы жол апатынан кейін қаза тапқан Арайлым Бақытжанованың жұбайы Нұрболат Құрмашев та көз жұмды.
Атыраулық отбасы мінген сафари көлігі жеңіл көлікпен соқтығысқан еді. Апаттан атыраулық журналист Арайлым Бақытжан мен оның екі жастағы қызы оқиға орнында қаза тапты. 34 жастағы жолдасы жансақтау бөліміне түскен болатын. Алайда оның да қайтыс болғаны туралы хабар жетті.
Олардың артында бір ұл, бір қызы қалды. Марқұмдардың сүйегі елге бүгін жеткізіледі.
ақпарат, фото: Nege.kz