Каспий теңізінде жер сілкінісі болды
Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
3 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 22:36-да Каспий теңізінде жер сілкінісі ТЖМ «СОМ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 2263 шақырым жерде Каспий теңізінің акваториясында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12,0. MPV магнитудасы — 5,0», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Каспий теңізінде магнитудасы 5,9 баллдық жер сілкінісі болған еді.