Президент Тоқаев Қазақстанға үш шетелдік банкті әкелуді тапсырды

0

Қазақстанда үш жаңа шетелдік банктің филиалдары ашылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтты, — деп хабарлайды Kznewsnews.kz тілшісі.

«Банк секторындағы тағы бір мәселе — жоғары шоғырлану. Бүгінде елімізде 21 банк бар. Бұл ретте бірнеше ірі банктер ғана корпоративтік несиелеумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен айналысады. Сондықтан ұлғайту мақсатында бұл саладағы бәсекелестік үшін елімізге сенімді шетелдік үш банк тартылуы керек», — деді Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.