«Оранған қыздардан көңілім қалды» — Бақыт Шадаева дін жолына түсіп, өнерден бас тарқан әріптестерін сынға алды
Бақыт Шадаева — өмірі ел арасында жиі қызу талқыға түсетін атақты әншілердің бірі. Nege.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында әнші ойындағысын тайсалмай айтып, бұл жолы да бар сырын ақтарыпты. Әнші агенттік тілшісіне оранған қыздардан да әлдеқашан көңілі қалғанын да жеткізіпті. Әсіресе, «бес уақыт намазға жығылдым» деп өнерден бас тартып, сахнадан кеткен әріптестері туралы да пікір білдірді.
«Су ішкен құдығыңа түкірме» деген бар. Егер сахнаны харамға баласа, өздері сол харамнан шыққан жоқ па?! Талантты Құдайдың өзі берсе, ол қалай харам болады? Нағыз харам – ол екіжүзділікте. Үлкен еңбекпен жеңіске қол жеткізген адам әр жетістігінің қадірін біледі. Қазіргі жастардың еш нәрсенің қадірін білмей, таңдауынан танып шығатыны – барлығына оңай қол жеткізгенінде. Дипломды сатып алған адамның мамандығына адал болуы екталай. Ал нағыз әртіс өнерге ынты-шынтысымен ұзақ жылдық дайындықпен келеді. Ондай жандар сахнадан сүйресең де кетпейді.
Шынымды айтсам, өз басым хиджап киген қыздардан көңілім қалған. Адал болар деп, оранғандан талай үй тазалаушы алып, тақырға отырып қалдым», — деді әнші.
фото: ғаламтордан