Алматыдағы барахолка өртеніп жатыр
Алматы қаласындағы «барахолка» базары өртеніп жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 тамыз таңығы сағат 7:16 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Москин, 7В мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, бірнеше өрт сөндіру учаскесі жасақталған.
Өрт сөндірушілер ангар типті отқа оранған қоймаларды сөндіріп жатыр.
«Қоймалардың қабырғалары металлдан жасалған, жоғары температура салдарынан құрылымдардың құлау қаупі бар . Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, Москин көшесі, 7а мекенжайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді»,- деп жазды ведомстводан.
Өртті сөндіруге 25 техника, 85 адам және қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.