«Соңғы сапарға шығарып сала алмадым» — Айгүл Иманбаева әкесіне жан тебірентерлік жазба арнады

0

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева дүниеден өткен әкесіне жантебірентірлік жазба қалдырды. Онда әнші әнші әкеге деген ризашылығымен, махаббатымен, ыстық естеліктерімен бөлісті.

“Өмір барда өлім хақ. Менің бір қанатым әкем Жәрдемәлиев (Иманбаев) Серікқұл Сибғатұлы өмірден озды. Жамбасы бүгін жерге тиді. Алланың берген жасы 73 екен. Кеше ғана тауып, қасында өзімді кішкентай Айгүл сезініп, балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап 46 жасымда әкемнің қасында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады маған, сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем бір-біріне ішінде қалған реніштерін кешіріп енді ғана әдемі сыйластық басталған.Үзілді… Шүкір дедім”, – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Әнші іштегі ащы өксік пен өкініштің бар екені де айтты.

“Жаратқанның әрбір ісіне, бергеніне бәріне шүкіршілік еттім. Тек жанымды қатты қинаған менің сыртта оқуда жүріп, бүгін әкемді соңғы сапарына шығарып салуға үлгермегенім.Тапқаным кеше ғана еді, бүгін жоғалттым. Жаратқанның жоспары бізге осылай екен, шүкіршілік еттім. Жаныңыз жәннәтта болсын, әке”, – делінген жазбада.

фото: instagram.com/aigul_imanbayeva