Байденнің ұлы қазақстандық кәсіпкерлерден ақша алған
Джо Байден АҚШ-тың вице-президенті болған жылдары ұлының Қазақстан, Ресей және Украинадағы олигархтардан миллиондаған қаржы алғаны туралы ақпарат тарады.
Бұл туралы АҚШ Өкілдер палатасының қадағалау және есеп беру комитетінің төрағасы Джеймс Комер жариялаған банктік құжаттар туралы меморандумда айтылған.
«Меморандумда Джо Байденнің вице-президент кезінде Байдендер мен олардың серіктестерінің Ресей, Қазақстан және Украина олигархтарынан миллиондаған ақшаны қалай алғаны айтылады», — делінген конгрессменнің веб-сайтында жарияланған құжатта.
Құжатта украиндық Burisma Holdings энергетикалық компаниясынан, сондай-ақ ресейлік кәсіпкер Елена Батурина мен қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевтан алынған қомақты қаржы туралы ақпарат көрсетілген.
ақпарат, фото: nege.kz