Назарбаев кеңсесіне 3 жылға 4 миллиардқа жуық теңге бөлінуі мүмкін

0

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеңсеге айналдырған кітапханаға, Назарбаев атындағы музей мен архивке 2024-2026 жылдар аралығы үшін 4 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінуі мүмкін, — деп жазады Kznews.kz порталы Azattyq.org сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратқа қарағанда, Назарбаев кеңсесіне 2024 жылға — 1 195 450 000 теңге, 2025 жылға — 1 328 275 000 теңге, 2026 жылға — 1 338 684 000 теңге «қажет».

2023 жылы қаңтарда Назарбаев кеңсесіне үш жылға 5,6 миллиард теңге бөлінетіні хабарланған. Кейіннен билік бұл қаржыны қысқартуға уәде берген. Маусым айында министр Ерұлан Жамаубаев бұрынғы президент кеңсесіне бөлінетін ақшаны қысқарту есебінен 2-3 миллиард теңге үнемдеуді көздеп отырғанын мәлімдеген.

Өткен апатада Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ulysmedia.kz басылымының сұрағына бұрынғы президент кеңесінің әрі қарайғы тағдыры қалай болатынын «білмейтінін,» үш күн ішінде жауап беретін айтқан еді. Жауап берген-бермегені белгісіз.

Ашық мәліметтерге қарағанда бұрынғы президент кеңсесін Астана қалысының әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі, Назарбаевтың көп жылғы серігі Махмұд Қасымбек басқарады.

фото: kommersant.ru