Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды

0

Сот Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты үкім шығарды. 

Сот үкімімен компанияның бас директоры Руслан Бурканов — 12 жылға, «Astex.kz» ЖШС басшысы Алмас Құранғалиев — 14 жылға, қаржы пирамидасын құрушылардың бірі Дания — 10 жылға, «Mudarabah Capital» ЖШС құрылтайшысы Андрей Ча — 8 жылға, «Mudarabah Capital» ЖШС-ның бұрынғы қаржы директоры Тимур Рүстемов — 12 жылға, «Mudarabah Capital» ЖШС құрылтайшысы Самат Қасенов 8 жылға, қаржы пирамидасының заңгері Нұрлан Сұлтанбаев — 8 жылға, «Mudarabah Capital» ЖШС құрылтайшысы Біржан Жармұхамед — 6 жылға, қаржы пирамидасын құрушылардың бірі Ерлан Мансуров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

фото:  inbusiness.kz