Әсел Сәдуақасова: «Жасымның үлкен екенін бетіме басады деп ойламадым»

0

Жақында тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасова алда болатын тойға қатысты оқырман сауалдарына жауап берді.

“Өмірімде жасымның үлкен екенін бетіме басады деп мүлдем ойламадым. Бойжеткен шағымда мен өз жасымнан әлдеқайда жас көрінетінмін. Көп адам маған: “Тым жас көрінесің, сұлусың” деп түрлі қошемет сөздер жаудыратын. Бірақ менен кіші әрі тым жас көрінетін жігітке тұрмысқа шығатынымды кім білген? Мағжан екеуіміз осы тақырыпта әңгіме қозғап, әбден күлдік. Жазбаларымның астына адамдар жас еместігімді айтып, күйеуімнен үлкен көрінетінімді бетіме басады деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Бірақ бұл да жақсы тәжірибе”, – дейді Әсел Сәдуақасова.