Күйеуі опасыздық жасап, ақша таппаса да, әйел шыдау керек — Алмат Сакатов

0

Қазақстандық шоумен, актер Алмат Сакатов жақсы әйел қандай болуы керек екенін айтып, оқырманның ашуын тудырды, -деп жазады Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

«Жақсы әйел шыдамды болуы керек. Түсінемін еркек ұрып-соғуы, күн сайын ащы су ішуі мүмкін. Қашан еркек әйеліне қол көтереді? Әйел тіліне ие болмаған кезде. Әйел шыдамды және дана болған кезде, ер адам да өз орнын біледі. Шыдамдылық қажет. Басқа ештеңе қажет емес», — деді ол.

Оның пікірінше, күйеуінің опасыздығына көз жұмып, қиын өмірге төзу керек.

«Егер күйеуіңі серуендеп жүрсе, шыдаңыз. Уақыты келгенде, сіз тынышталасыз, ол сабасына түседі. Ал шыдамсыз әйел қандай болады? Бір рет жанжал, екінші рет жанжал шығарасыз. Сосын ол қолын бір сілтеп кетіп қалады. Күйеуіңіз ақша таппаса да, шыдаңыз. Себебі мен мұны ата-анамнан, ата-әжелерімнен көрдім. Шыдамдылықтың да шегі бар. Шыдау үшін ақыл мен парасат қажет», — деді актер

фото: total.kz