«Бала-шағаң бар екені енді есіңе түсті ме?»: Шахизаданың төртінші күйеуі бұрынғы әйелімен қайта қосылды
Белгілі әнші Шахизада да жақында төртінші рет тұрмысқа шыққанын жариялаған еді. Бірақ өзінен 18 жас кіші күйеуі Ерболат Ержанбаев қайтадан бірінші жұбайымен түскен суреттерін жариялай бастады.
«Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы. Есімі — Мереке. Біз бақытты жандармыз. Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы», — деп жазды Ерболат Ержанбаев.
Көпшілік мұны түсінбей жатыр. Өйткені ол Шаһизадамен түскен суреттерін де өшірмеген. Ол қатынасы туралы ашып ештеңе айтпаған.