Түркиядағы саммит барысында Украина мен Ресей делегаттары ту үшін төбелесіп қалды (видео)

0

Түркияда өтіп жатқан саммит барысында Украина мен Ресей делегаттары ту үшін төбелесіп қалды, -деп жазады Kznews.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Anadolu агенттігі ұсынған деректерге сәйкес төбелес Анкарада Қара теңіз экономикалық серіктестігі парламенттік ассамблеясының отырысында болған. Мәлім болғандай Ресей делегациясының мүшесі, дума депутаты Ольга Тимофеева сөйлеп жатқанда Украина делегациясы өз туларын жайып, Ресейге қарсы ұрандарын айта бастаған. Бұған өзге ресейлік делегаттар бөгет болмақшы болыпты.

Көп ұзамай Ресей делегациясының мүшесі, депутат Валерий Ставицкий Украина туын алып кетпек болған. Осы сәтте Украина халық депутаты Александр Мариковский өз елінің туын қайтарып алмақ болғанда ресейлік депутатқа бірнеше соққы жасаған. Төбелес шығарған депутаттарды Түркия қауіпсіздік қызметінің өкілдері ажыратып алды.

Видео, фото:

http://t.me/stankznews