«АрселорМитталТеміртау» АҚ заң кеңесшісінің өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды
«Жедел-тергеу іс – шараларының нәтижелері бойынша Шахтинск қаласының екі тұрғыны-52 жастағы ер адам және 44 жастағы әйел ұсталды. Қылмыс жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Қарағанды облысы ПД бастығы Файан Файзуллин.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінде бұған дейін хабарланғандай, 23 сәуірде Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар 53 жастағы Юрий Эмнің мәйіті табылған.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
фото: zakon.kz