Қостанайда екі жасар баланың ішегінен 13 магнит алынды
Екі жасар бала Қостанай облыстық балалар ауруханасына түскен. Белгілі болғандай, бала бір-біріне жабысып қалған магниттік шарларды жұтып қойған.
Балаға операция жасалды және жағдайы жақсы. Бірақ дәрігерлер ата-аналарды ескерту үшін бұл істі көпшілікке жария етуге шешім қабылдады. Өйткені мұндай ойыншықтың ішекке енуі ауыр зардаптармен аяқталуы мүмкін.
Фото: ru.freepik.com