Нұрбек Қарасаев: «Amanat» партиясы нақты жоспарларды іске асырады

0

«Amanat” партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев сайлауға түсіп жатқан мәслихат депутаттығына кандиттардан зор үміт күтетінін айтты.

Халықтың әлеуметтік жағдайына зер салу — басты міндеттердің бірі деп есептейді. Соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау, жастардың бастамаларына қолдау көрсету, мектептер санын арттырып, орын жетіспеушілігін жою сынды маңызды міндеттердің бірқатарын атап өтті.

-Біздің сайлауалды бағдарламамыз құндылықтарымызды, басымдықтарымыз бен принциптерімізді көрсетеді.

«AMANAT» партиясы жауапкершіліктен қорықпайды, үлкен саяси тәжірибесі бар және іске асырылатын нақты жоспарларды ұсынады. Сайлаудан кейін депутаттардың белсенділігі артып, нақты мәселені зерттеп, оның шешу жолдарын ұсынып, осылайша партияның жұмысы одан әрі жанданады деп сенемін. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар мен халықтың арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Тағы бір айта кетерлігі, өңірді дамытудың бірден бір жолы — өндіріс ошақтарын көбейту, барлық сала бойынша өзіміздің жергілікті өндірісті дамыту. Әсіресе азық-түлік саласына зер салу керек,-деді Нұрбек Қарасаев.

Сонымен қатар Нұрбек Қарасаев облыстағы медицина саласының да өзекті екенін айтты. Жол, инфрақұрылым салалары да жаңартуды талап етеді. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі.

-Облыста тұрғын үй алуға кезекте 24 мыңнан астам адам тұр, оның ішінде 3,3 мыңы көпбалалы және 8,9 мыңы әлеуметтік осал отбасынан. Алдағы 5 жылда партия әлеуметтік тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесетін болады,-деді Нұрбек Қарасаев.

2027 жылға дейін 5,4 млн шаршы метр тұрғын үй салу, ауылда жеке тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылымның 4 мың жер учаскесіне жеткізілуін бақылау, ауылда тұрғын үй салу үшін жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау, Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданындағы 5 ескі тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары кезек күтіп тұр.

 Бұл шаралар 5 жыл ішінде кемінде 10 мың отбасын, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 827 отбасын және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.