11 жылға сотталған Атамбаев неге бостандыққа шықты?
Қырғызстанның экс-президенті үшін «ғашықтар күні» үлкен мерекеге айналды. Алмазбек Атамбаев бостандыққа шықты, кейін денсаулық жағдайымен Испанияға аттанды. Бұл жағдай көпшілікті дүр сілкіндірген болса керек. Атамбаев қазіргі Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың қарсыласы, ал 2013 жылы Жапаров тіпті Атамбаев билік еткен тұста қамауға алынып, түрмеге жіберілді.
2019 жылы Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды, оның ішінде ол темір тордың арғы жағында 3,5 жыл уақытын өткізді.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: rbc.ru