WhatsApp пен Telegram арасында «соғыс» басталды

0

WhatsApp басшысы Уил Кэткарт Telegram пайдаланушылар үшін қауіпсіз емес екенін айтты және Павел Дуровтың қызметінен бас тартуға шақырды. 

Кэткарт Telegram әдепкі бойынша шифрланбағанын жазды. Сондай-ақ, ол Дуровтың қосымшасында көптеген технологиялық компаниялар қабылдаған ашықтық жоқ деп мәлімдейді.

«Telegram құпиялылық саясаты әлі күнге дейін олар ешқашан қолданушы деректерін үкіметтерге бермеген деп мәлімдейді, бірақ олай емес. Әрине, кейбіреулер мені  өзімшіл деп айтатынын түсінемін. Бірақ адамдар таңдай алатын көптеген басқа тамаша шифрланған хабар алмасу қолданбалары бар. Егер сіз WhatsApp қолданбайтын болсаңыз, олардың біреуін пайдаланыңыз — Telegram қолданбаңыз», — деді Уил Кэткарт.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

Фото: bezlimit.ru