Түркияда 7 күндік аза тұту күні жарияланды
Түркияда жер сілкінісіне байланысты жеті күндік аза тұту күні жарияланды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
«6 ақпанда болған жер сілкінісіне байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту жарияланды», — деді ел президенті Режеп Тайып Ердоған.
Оның айтуынша, аза тұту жариялануына байланысты Түркия бойынша және елдің шетелдегі өкілдіктерінде мемлекеттік тулар жексенбі, 12 ақпанда күн батқанға дейін төмен түсіріледі.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 3800-ден асты. Түркияда дүйсенбі күні кешке 2379 адам қаза тауып, 14 483 адам зардап шекті. Сирияда кем дегенде 1444 адам қайтыс болды, 3530 адам зардап шекті.