Әйел жаңа туған баласын пеште өртеп жіберген

0

Макинскіден келген 32 жастағы әйел дәрігердің жүктілік есебінде тұрған. 24 қаңтарда қан кетіп, түсік тастаған.

Анасының айғақтарына сәйкес, бала өмір белгілерін көрсетпегендіктен оны пеште өртеп жіберген.

Кісі өлтіру  фактісі екі күннен кейін әйелді аудандық аурухананың дәрігері тексерген кезде анықталды. Оқиға туралы білген дәрігер бұл туралы полицияға хабарлады.

Ақмола облысында түсік тастағаннан кейін ұрықты анасының өлтіруі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу ҚР ҚК 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша жүргізіледі.

Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz